Тұңғыш Президент күні 50-ден аса мерекелік шара ұйымдастырылды
Бүгін қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр. Еліміздегі ең жас мерекенің бекітілгеніне биыл тоғызыншы жыл. Атаулы күн әдеттегідей Ақордадан басталды. Мемлекет басшысының байрағы көкке көтерілді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
01.12.2020
Әскери шеруден басталған ресми шараға мемлекет басшысы қатыспады. Тұңғыш Президент күніне орай елімізде 50-ден аса шара ұйымдастырылды. Барлығы пандемияға байланысты онлайн режимде немесе санаулы адамның қатысуымен өткен. Жылда атылатын отшашу рәсімі биыл өткізілмейді.
Мереке парламент депутаттарының ұсынысымен 2011 жылдың соңында қабылданған. Ал 1-желтоқсан кездейсоқ таңдалынған жоқ. Тура 29 жыл бұрын ел тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда 98 пайыз дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайлаңған еді. Мереке ресми түрде 2012 жылдан бері тойланады.
Зәуреш Колумбаева, заң ғылымдарының кандидаты:
- Осы күні біздің тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталды. Жалпы мұндай мерекенің аталуы әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Біздің көргеніміз қызыл жалау болса, қазіргі жастар көзін ашқалы Әнұран, көк тудың желбірегенін, өзінің төл Президентін көріп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!