«Дурь»: Күніне бір-бірден мәйіт тапқан полицейлер...
КТК арнасы алдағы дүйсенбіден бастап жаңа сериал ұсынады. Қылмыстық драма жанрындағы хикая – «Дурь». Небәрі 6 сериядан тұратын туынды атыс-шабыс пен детективті тергеулерге толы.
Автор: Аруна Ортай
02.12.2020
Сериал «Скай» синтетикалық есірткіні таратушылар туралы. Сюжет желісінде карантин тоқтатылғанда аталмыш наша түрі елдің есін алады. Күніне кем дегенде бір мәйіт табатын полицейлерге қылмыскерлердің ізіне түсу оңай емес. Сериалда көрермендер нағыз полицейлерді көре алады. Өйткені есірткі саудалаушыларды құрықтау сәті жедел топтың қатысуымен түсірілген.Басты рөлдердерді кілең кәсіби актерлер сомдайды. Жалпы сериал басынан аяғына дейін шытырман оқиғаларға толы. Ендеше, сіз де тұсаукесерін өткізіп алмаңыз.
«Дурь» атты қылмыстық драма 7-желтоқсаннан бастап КТК арнасында көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!