{metadescription}
Алматыда элиталық кешен тұрғындары дезинфекторларға күмән келтірді
Алматыда элиталық кешен тұрғындары дезинфекторларға күмән келтірді

Алматыда элиталық кешен тұрғындары дезинфекторларға күмән келтірді

Алматыда элиталық кешен тұрғындары дезинфекторларды жолатпай қуып жіберді. Себебі, дәрі құятын бөшкелеріне дәрет сындырады деп күдіктенеді. Коронавирусқа қарсы әрбір тазалық шарасынан кейін подьездің ішін нәжіс иісі жайлап кетеді екен. Санитарлық жұмыс жүргізетіндер мұны мойындаған жоқ.

Дезинфекторлардың бөшкесіндегі сұйықтық дәрі ме, әлде шынымен нәжіс пе?

- Қуып жібердік, біздің үйге кіргізбейміз!  

Ашуға булыққан азаматтар – Алматыдағы элиталық үйдің тұрғындары. Бәрі бірауыздан дезинфекторларға қарсы. Соңғы реет желкелеп қуып шығыпты. Себебі, дәрінің орнына нәжіс сеуіп жүр дейді.   

Наталья Ишанулиева:

- Үйге кіргеннен нәжістің иісі мүңкіп шығады. «Кім дәрет сындырып жүр?» деп басында басымыз қатты. Барлық камераны қарадық. Кейін дезинфекторлардың шашып жүрген сұйықтығынан сасық иісті таптық. Кәдімгі нәжістің иісі. Енді оларды жолатпаймыз. Не істесе, соны істесін.

Тұрғындардың дезинфекторларды қуып шыққан сәті таспаға да түсіп қалған. Кадрде бөшке арқалаған санитарлар қымбат үйдің ішіне кіре алмай тұр. 25 қабатты ғимарат Алматыдағы ең қымбат тұрғын үй кешендерінің бірі. Бір есігінің өзі жарты миллион теңге тұрады. Удай қымбат есігіне «зәр төгіп кетті» деген Наталья Киян де дезинфекторлармен жаға жыртысқан.

Наталья Киян:

- Есігімді әрең жуып алдым. Иісі қолқаны қабады. Қанша рет ұрыстым,  судан неге нәжістің иісі шығады деп. Сосын келіп хлормен тазалап кетті. Мұны қалай түсінуге болады? Біздің үй оларға дәретхана ма?

Бөшкелеріне дәрет сындырады деген тұрғындардың сөзін дезинфекторлар теріске шығарды. Айтуларынша, арқалап жүргені зәр емес, аминоэтанол деген дәрі.

Рақымжан Шәріпбаев, Залалсыздандыру жұмысы менеджері:

Біздегі сұйықтық нәжіс сасымайды. Ешкім бөшкенің ішіне дәрет сындырмайды. Мүмкін тұрғын үйдің ішінде әлдебіреулер дәрет сындырып жүрген болар. Бірақ біздің сұйықтық ондайдан таза.

«Дәрінің иісі тұрмақ, тірі жанға зияны жоқ» деп сендірген дезинфекторлар өздерінің сасық иіске тұншығып жүргенін айтып шағымданды. Аузы-мұрнын тұмшалап алғанына қарамастан, кейбір үйге кіріп-шыққанша естен тана жаздайды екен. Дегенмен бөшкенің ішін ашқызып, ішіндегі сұйықтық дәрі ме, нәжіс пе, тексеріп көрдік. Түсі сары сұйықтықтың еш иісі жоқ боп шықты.          

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде