Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылды
Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылды. Бұл жолы тұрғын үй құрылысы аумағындағы асхана типті контейнер өртенді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
02.12.2020
Еркін Отарғалымұлы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Өрттің шығу себебі ретінде бірнеше себеп қарастырылуда. Олардың негізгілері: электр желілерінің қысқа тұйықталуы және қасақана от қою. Сонымен қатар аталған құрылыс алаңындағы жанған нысан, ол – қоғамдық тамақтану орны емес, бұл құрылыс алаңындағы құрылысшылардың тамақтануына пайдаланған жай болып табылады.
150 шаршы метр аумақты шарпыған от контейнерді, кейбір ағаштан жасалған материалды күлге айналдырды. Өртенген асхана құрылысшыларға арналған. Болжам бойынша газ баллоны жарылыпты. Құтқарушылар контейнерден төрт газ баллонын алып шыққан. Бұл жарылыс ел астанасында соңғы он күнде болған екінші оқиға. 21-қарашада тамақтану орны өртке оранып, бір әйел сол жерде, кейін ауыр халдегі 24 жастағы азамат ауруханада жан тапсырған. Қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!