Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүру міндетті емес
Енді көлік тізгінін ұстағандарға жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүру міндетті емес. Бұл құжаттарсыз көлік айдаған азаматтарға салынатын айыппұл да күшін толық жояды. Осындай өзгеріс енгізілген заң жобасын бүгін Мәжіліс мақұлдады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
02.12.2020
Рөлге отырған әр азаматтың қолында жеке куәлігі болса жеткілікті. Сол бойынша полицейлер арнайы планшеттерімен ортақ базадан қалған құжатты электронды түрде тексереді. Бірақ интернет түгіл ұялы байланыстың өзі атымен жоқ айдалада полицейлердің планшеттері, әрине, жарамсыз. Дегенмен цифрлық даму министрлігінің «Қазақстанның барлық аумағын интернетпен қамтимыз» деген уәдесіне полицейлер де сеніп жүр. Ал әзірге интернеті нашар немесе мүлдем ауламайтын жерлерде жол сақшылары әдеттегі радиобайланыспен амалдап жүр.
Жол қозғалысына қатысты заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Бұл өзгерістер тек қазақстандық көлік жүргізушілеріне қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!