Мал дәрігерлерінің жалақысы неге мардымсыз?
Елдегі мал дәрігерлерінің жалақысы мардымсыз. Ал тұтас ветеринария жүйесінің дамуына жемқорлық кесірін тигізуде. Осылай деп дабыл қаққан сенатор Ақылбек Күрішбаев биылғы құс тұмауының өршуін қазіргі ветеринарлардың сауатсыздығынан көріп отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
03.12.2020
Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:
- Ветеринария жүйесінің елдегі ең жемқор салаларының біріне айналғаны ерекше алаңдатушылықты тудырады. Мұның себебі, жалақының мардымсыз деңгейі. Мал дәрігерінің орташа айлық жалақысы 80-100 мың теңге шегінде. Ветеринариялық ұйымдар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының артта қалуы, сыбайлас жемқорлық ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу жүйесінде де терең жайлап кетті.
Күрішбаевтың айтуынша, елде мал ауруының дерегін жасыру белең алған. Сондай жауапсыздық салдарынан биыл құс тұмауының соққысы бюджетті де оңдырмай тастады. Мәселен, ел қазынасынан құстары қырылған шаруа қожалықтарына 3 миллиард 700 миллион теңге өтемақы берілген. Ал ауылдық жердегі мал дәрігерлерінің міндетін атқарып жүргендердің арасында жас маман өте аз. Сондықтан Үкімет тиісті шараны шұғыл қолға алу керек дейді сенатор.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!