{metadescription}
Семейде ішімдікке салынған отбасы көбейіп барады
Семейде ішімдікке салынған отбасы көбейіп барады

Семейде ішімдікке салынған отбасы көбейіп барады

Семейде ішімдікке салынған отбасылар көбейіп барады. Арақтың азғырғаны сонша, бір жартыны анасы мен баласы бөліп ішетін жағдай көп кездеседі. Топтасып алып тойлайтындар тіпті бірін-бірі төсекке сүйреп, соңы төбелеспен аяқталады екен. Жын-ойнақтың ордасына айналған баспаналардың біріне полицейлер басып кірді.

Тәртіп сақшыларымен бірге біздің тілшіміз де мастық махаббаттың куәсі болып қайтты.

Семейде ащы суды сіміріп алып Сырдың суы сирағынан келмейтін жатыпішер отбасылар көбейген. Олардың қатарында тепсе темір үзетін жастар да бар. Соның бірі – мына жігіт.  Оған әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Араққа аңсары ауған азамат анасымен бірге ішуден қымсынбайтын болған.

Үш бөлмелі баспана – нағыз жын ойнақтың ордасы. Ішімдіктің құлына айналғандар күнде осы жерге жиналады. Ішке жүз грамм барғасын білгенін істейді екен. Тіпті мастықтың буымен махаббатқа  беріліп, бір-бірімен жыныстық қатынасқа да түседі. Бүгінгі рейд барысында полицейлер сезімге бөленіп жатқан жұптың үстінен түсті.

- Тұр, тұрыңдар деймін.

- Не болды?

- Мынау соқыр ма?

- Не?

- Тұр, саған айтамын. Сенімен адамдар сөйлесіп тұр.

Әйтсе де арақтың арқасында қозған махаббаттың соңы көп жағдайда ауыр қылмыспен аяқталады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тентек суға сылқия тойған жұптар бірін-бірі қызғанып жанжал шығарады екен.

Оспанов, Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің басшысы:

- Ал жанұяда жасалатын қылмыстардың көбі бірін-бірі жете білмеуі. Арақ ішіп, артынан ұрыс-керіс, жанжал туады. Одан кейін қызғаныш. Бірін-бірі қызғанып аяғында ауыр жағдайға ұрынып жатуы мүмкін.

Бүгінде Семейде ішімдікке салынған және аз қамтылған 1717 отбасы полицияда тіркеуде тұр. Тәртіп сақшылары 249 адамды мәжбүрлі түрде арақтан емдеуге ауруханаға жатқызыпты. Бірақ бұдан  еш нәтиже жоқ. Өйткені емделіп шыққандар бұрынғы әдетіне қайта салынып, ішіп кетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде