Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзіреті кеңейтілді
Сенаторлар бүгін арнайы заңға өзгеріс енгізіп, президенттің құзіретін кеңейтті. Енді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдай алады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
03.12.2020
Қосымша өкілеттіліктің арқасында мемлекет басшысы аудандық маңызы бар қалалардың да статусын өзгерте алады. Өйткені қазір Қазақстанда өз мәртебесіне сәйкес келмейтін елдімекендер көп екен. Негізінен қолданыстағы заңда аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес елдімекендер жатады. Статистика бойынша елімізде 48 қаланың 13-і халық саны бойынша «қала» санатына сәйкес емес. Енді осы аудандық маңызы бар қалаларда тұрғындар санының аздығына байланысты олардың мәртебесі өзгертілуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!