{metadescription}
Солтүстікте жұрт жаппай көшіп, Ресеймен шекаралас үйлер қаңырап тұр
Солтүстікте жұрт жаппай көшіп, Ресеймен шекаралас үйлер қаңырап тұр

Солтүстікте жұрт жаппай көшіп, Ресеймен шекаралас үйлер қаңырап тұр

Солтүстіктегі ағайынның елден көшуі жиілеген. Әсіресе Қазақстанның Ресеймен шекаралас ауылдарындағы үйлер қаңырап босап қалуда. Тіпті өзекті мәселе үкіметтің Оңтүстік Қазақстаннан солтүстікке адам көшіру бағдарламасымен де шешілмей жатыр. Сенаторлар бүгін солтүстік өңірлердегі адам санының азаюына алаңдаушылық білдірді.

Айгүл Қапбарова, Сенат депутаты:

2018-2019 жылы және осы жылдың тоғыз айында СҚО-ға оңтүстік өңірлерден 5123 адам қоныс аударса, есесіне, өңірден 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Әсіресе Қазақстанның Ресеймен шекаралас ауылдарында адам саны күрт кеміген. Тұрғындар санын толтыру проблемасы Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.

Жұрттың жаппай көшуінен мектептердің  есігіне қара құлып салынған. Соңғы 20 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық мектеп жабылып, онда оқитын балалар саны 8 мыңға азайған. Кейбір мектеп ғимараттары аукционға шығарылған.

Жалпы соңғы бес жылда 190 мың адам елден көшіп кеткен. Қоныс аударғандардың басым бөлігі – жастар. Олар көбіне баспананың, жұмыстың жоқтығына, айлықтың аздығына бас қатырады екен. Депутаттар көші-қон мәселесін реттейтін мемлекеттік бағдарламалар керек деп санайды. Себебі, оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған жобалар жоқтың қасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде