СҚО, Атырау, Ақмола облысындағы эпидахуал
Ауру асқынып, «қызыл аймаққа» қамалса да, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысының тұрғындары карантин шектеуіне көнер емес. Той тойлағанымен қоймай, блок-бекеттерден де қашып шығудың жолын тауыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.12.2020
Көкшетаудың шыға беріс жолдарына алты бірдей санитарлық бекет қойылған. Мобильдік топтар күзеткенімен, қашып жүргендер көп. Егіс алқаптардағы қара жолдарды жақсы білетін жүргізушілер діттеген жеріне жету үшін «қызыл аймақтан» шығып, алды-артына қарамай зулап жүр.
Солтүстік Қазақстанда да індет күн сайын жүзден аса адамнан анықталуда. «Қызыл аймаққа» енгелі мұнда мейрамхана мен тойханалар жабық. Бірақ тұрғындар 50-60 адамды жинап, отбасылық мерекені үйінде, жалдамалы коттедждерде өткізуді әдетке айналдырған. Бұл вирустың тарауына әкеп соғып отыр. Тек өткен тәулікте ғана СҚО-да 97 адамның короновирус жұқтырғаны белгілі болды.
Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істейтін кеніштегі жұмысшылар шетінен ауыра бастаған. Енді оларды үйіне кетерде және жұмысқа келгенде жаппай тексеру міндеттеліп жатыр.
Гүлназ Ербатырова, Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Өсім байқалуда. Жалпы 31 жағдай тіркелді. Оның ішінде Теңіз кен орнында 23 адам тіркеліп отыр. Ауру шыққан ошақтарда індетке қарсы шаралар жүргізілуде. Қаулы шығарылды. Барлық науқас оқшауланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!