{metadescription}
Степногорда кәсіпкерді өлімші етіп сабап кеткендер ұсталды
Степногорда кәсіпкерді өлімші етіп сабап кеткендер ұсталды

Степногорда кәсіпкерді өлімші етіп сабап кеткендер ұсталды

Степногор қаласында жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған  екі азамат қолға түсті. Қаскөйлер 68 жастағы үй иесін өлімші етіп сабап кеткен еді.  

Қанды қылмыс өткен қазан айында болған. Кәсіпкерді пәтерінде өлі күйінде жатқан жерінен  ағасы тауып алыпты. Дереу тәртіп сақшыларына хабар берген. Кешікпей жалғызбасты кәсіпкердің үйі тоналғаны белгілі болды. Қарақшылар 150 мың теңге мен үй иесінің қол сағатын алып кетіпті. Сондай-ақ оның денесінен зорлық белгілері анықталған.  Бірақ ұрылар кеткенде ол тірі болыпты. Ал сот-медициналық сараптама кәсіпкердің жүрек талмасынан қайтыс болғанын көрсетті. Екі ай бойы шабуыл жасағандарды іздеген полиция осы іске қатысы бар деген екі азаматты Макинск қаласынан қолға түсірді. Олар бұған дейін Степногорда пәтерді жалға берумен айналысқан марқұмның  клиенттері екен.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Олар Макинск қаласының 18 және 22 жастағы тұрғындары. Бұған дейін ұрлық жасап сотталып үлгерген. Қамауға алынған екеуі  қылмысын мойындады. Қазір қарақшылық және абайсызда кісі өлтіріп алу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде