Covid-19: Қарашадан бері науқас саны күн сайын жарты мыңнан асып жатыр
Ауру айылын жимай тұр. Соңғы тәулікте елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны 819 адамға өсті. Қарашадан бері дерт дендегендердің қатары күн сайын жарты мыңнан асып отырған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
04.12.2020
Ал қос өкпесі қабынғанда қатары бір күнде тағы 225 науқаспен толықты. Кешелі бері қос індеттен 9 адам бақилық болған.
Ковид-19 құрбандары 2063-ке, коронавирус пневмониясынан көз жұмғандар 448-ге жетті. Қылышын сүйреткен қыс табалдырықтан аттағанда ахуал асқына бастағандай.
Елде Ковид-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 134 мыңнан асса, пневмономиямен ауырғандар 1-тамыздан 42 мыңға жетіп жығылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!