{metadescription}
2021 жылдан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина егіледі  
2021 жылдан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина егіледі  

2021 жылдан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина егіледі  

Қазақстандықтарды 2021 жылдан бастап коронавирусқа қарсы жаппай егу жоспарланып отыр. Алайда халыққа отандық емес, ресейлік «Спутник 5» вакцинасы егілмек.

Аталмыш препараттың сапасына Еуропа елдері мен америкалықтар күмәнданған еді.

Қазақстан мен Ресейдің арасында келісім бекітіліп, «Спутник 5» вакцинасы елге жеткізіліп жатыр. Жаппай егудің алғашқы кезеңіне дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдар қызметкерлері қатысады. Ресейлік екпені халыққа егумен қоса біздің ел препаратты шығаратын орын тауып беруде. Индустрия министрлігінің мәліметінше, «Спутник 5» Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында өндірілуі мүмкін. Бірақ басқа да зауыттарды шенеуніктер қарастырып жатыр. Коронавирус індетіне қарсы отандық вакцина да желтоқсаннан бастап 3 мың еріктіге егіледі. Ал сынақ толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады. Ел ғалымдары ойлап тапқан вакцинаның әзірге кері әсері анықталмапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде