Шуда букмекерлік кеңсенің бар ақшасын тонап кетті
Жамбыл облысының Шу ауданында букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды. Қаскөйлер кассирді қорқытып, бар ақшасын тонап кеткен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
04.12.2020
Бетін тұмшалаған екі адамның таңғы сағат бес шамасында букмекерлік кеңсеге терезеден кіргені видеодан анық аңғарылады. Оларды көрген іштегі екі қыз не істерін білмей ары-бері жүгіріп жүр. Қаскөйлер өте шапшаң қимылдаған. Сөйтіп қос бұрымдыны өткір затпен қорқытып, кассадағы 700 мың теңгеден астам қаражатты алып кетеді. Ұрылар оқиға орнынан із суытқанымен, оңай олжасын жаратып үлгермеді. Тәртіп сақшылары көп ұзатпай қолға түсірді. Екеуі жасаған ісін мойындап, ғимаратқа қалай кіргенін көрсетті. Күдіктілердің бірі – 23, екіншісі 24 жаста. Екеуі бұрын сотты болған жергілікті тұрғындар екен.
Мақсат Жаманқұлов, Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы:
- Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарақшылық жасалған кезде жалпы құны 773 мың теңге қаражат жымқырылған. Аталған дерекпен ҚР ҚК 192- бабы, 3-бөлігі , 3-4 -тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!