КТК арнасында бұрын-соңды болмаған қылмыс драмасы – «Дурь»
Көптен күткен премьера. Бүгіннен бастап КТК арнасында су жаңа сериалдың көрсетілімі басталады. «Дурь» елдің есін алған синтетикалық есірткі туралы қылмыстық драма. Карантин кештерін қызықты өткіземін десеңіз, КТК арнасынан алыстамаңыз.
Автор: Аруна Ортай
07.12.2020
Сюжет желісіне сәйкес, «Скай» – синтетикалық есірткісі жастар арасында кең тарайды. Бірінен соң бірі химиялық қоспаның құрбаны болған өрімдей қыз-жігіттер.Кезек министрдің қызына да жеткенде «қызықтың» көкесі басталады. Тәртіп сақшылары есірткі сатушыларын қалайда ұстауы тиіс. Шым-шытырық оқиғаға толы 6 бөлімнен тұратын туындыға нағыз полицейлер түскенін айта кетейік. Ал басты рөлдердерді кілең кәсіби актерлер ойнаған.
«Дурь» деп аталатын сериал елімізде түсірілген қылмыстық драма жанрындағы алғашқы хикая.
«Дурь» тұсаукесері сағат 21-35-те.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!