{metadescription}
ОСК: «Қазақстан халық партиясы» 113 үміткерімен тіркелді
ОСК: «Қазақстан халық партиясы» 113 үміткерімен тіркелді

ОСК: «Қазақстан халық партиясы» 113 үміткерімен тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы «халық» атын жамылған бұрынғы коммунистердің саяси додаға қатысуына рұқсат берді. Сөйтіп «Қазақстан халық партиясы» 113 үміткерін тіркеп, кандидаты көп партия ретінде Nur Otan-нан кейін екінші орынға жайғасты.

Асылбек Смағұлов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адам саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімінде 113 адам бар. 41-і – әйел және 29 жасқа толмаған адамдар. Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 36,3 пайызын құрайды.  

Бастапқыда «Қазақстан халық партиясы» 114 кандидат ұсынған. Кейін бір үміткері өз өтінішімен депутаттық таластан бас тартыпты. Бұл партия саяси бәйгеге ұсынып отырған үміткерлері үшін жарна төлемейді. Өйткені заңға сәйкес, 2016 жылы өткен Мәжіліс сайлауында 7 пайыздық межеден асқан. Сөйтіп 10-қаңтарда елімізде Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың барлығы ресми түрде кандидаттарын тіркеп үлгерді. Бұған дейін Nur Otan-нан 126, «Ақ жолдан» 38, Adal-дан 16, «Ауылдан» 19 үміткер ұсынылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде