{metadescription}
Шымкентте өртенген үйде көз жұмған адам неден өлді?
Шымкентте өртенген үйде көз жұмған адам неден өлді?

Шымкентте өртенген үйде көз жұмған адам неден өлді?

Шымкентте қос қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Алайда қызыл жалынды сөндірген бойда брифинг өткізген төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері: «Марқұм өрттен емес, кісі қолынан өлген болуы мүмкін» - дейді. Өйткені бұрын оны ұрып-соққан деген болжам бар.

Бауыржан Ізбасаров, Шымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы:

- Өрт сөндірген кезде 46 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Полицейлердің сөзінше, мәйітте зорлық белгілері бар. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өлімнің нақты себебі қорытынды шыққан соң белгілі болады.

Өрт шыққан пәтердің тұрғыны аса мазасыз болған екен. Жиі жанжал шығатын баспанада сол күні электр жарығы болмай, балауыз шам жанып тұрған дейді көршілер. От содан тұтануы мүмкін деп отыр. Тілсіз жау әп-сәтте екі пәтердің ішін күлге айналдырды. Соның кесірінен баспанасынан да, құжатынан да айрылған көрші пәтердің тұрғындары далада қалды.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде