Елордада интернет жылдамдығы неге нашарлады?
Киберқауіпсіздік жаттығуының алдағы сайлауға еш қатысы жоқ. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елордадағы интернет жылдамдығының нашарлауына қатысты осындай жауап берді. «Бұл жыл сайын өткізіліп келе жатқан шара» - деп түсіндірді олар.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.12.2020
Пандемия кезінде жалған, негізсіз әрі ел заңнамаларына сай келмейтін ақпарат көп тарап кеткен. Ол әсіресе әлеуметтік желілерде жиі көрініпті. Оның үстіне, жыл сайын меморгандардың сайтына миллиондап кибершабуыл жасалады. Мысалы, биыл 200 миллион рет интернет шабуылы жасалған. «Сертификат солардан сақтық үшін керек»,- дейді министрлік өкілдері. Алайда жаттығу өткізушілер жұмысқа кедергі болмас үшін демалыс күнін таңдаса да, интернет баяулығына шағым айтушылар көп болды.
Жалпы қазір байланыс туралы заңға сәйкес, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ел аумағында 3 жарым мыңдай материалға шектеу қойған. Оның басым көпшілігі, яғни 3266-сы порнография мен суицид жайлы болса, қалғаны есірткі насихаты, заңсыз ойын бизнесі және терроризм мен басқа да жалған ақпараттар.
Руслан Әбдіхалықов, Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
- Меморгандардың мақсаты – бүкіл интернет ресурсының қызметін тежемей, кибершабуылға дәлме-дәл тойтарыс беру. Сертификат сол үшін қолданылады. Заң бұзушылар кей шетелдік сайттарға заңсыз ақпарат қоса таратуы мүмкін. Сондықтан сертификат орнатпаған жағдайда заңсыз ақпарат ере жүретін кей шетелдік сайттардың жұмысы тоқтауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!