{metadescription}
Сағынтаев өтпеген шоуға неге ақша төлегенін айтты
Сағынтаев өтпеген шоуға неге ақша төлегенін айтты

Сағынтаев өтпеген шоуға неге ақша төлегенін айтты

Сағынтаев өтпеген шоуға неге ақша төлегенін айтты. Елорданың тойланбай қалған туған күніне бақандай 63 миллион теңге жұмсаған Алматы әкімі болған жайтқа коронавирусты кінәлады.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

Иә, шоу өтпей қалды. Біз мерекеге алдын ала дайындалған едік. Пандемия болады деп ешкім ойлаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, дамыған барлық елдер жарық шоуын өткізіп жатады. Пандемия енді мәңгі болмайтын шығар. Сондықтан жұртқа турист тартатын жарық шоуын басқа мерекелерде көрсетеміз.

Әлеуметтік желіде үлкен дау тудырған жарық шоуы. Алматы әкімдігі оны астана күніне арнайы дайындатқан. Алайда аяқасты ауру тарап, мереке сол күйі тойланбай қалды. Ал шоудың ақшасы төленіп қойған. Бағасы анау-мынау емес, бақандай 63 миллион теңге. Ал алаңда жаппай жұртқа көрсетілуі тиіс көріністі шенеуніктер инстаграм парақшасына жүктеп құтылғандай болған. Десе де өтпеген шоуға төленген ақшаға Алматы қаласы әкімінің түсініктеме беруіне тура келді. Сөйтсе, астана күніне дайындық жарты жыл бұрын басталып кеткен екен. Ал келісім-шарт жылдың басында жасалып қойған. «Сол себепті  63 миллион теңгені төлеуге тура келді», - дейді Бақытжан Сағынтаев. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде