Елорданы неге қалың тұман басты?
Елорданы бүгін қалың тұман басты. Тұрғындар тұманға қоса түтін мен жағымсыз күйіктің иісіне шағымданды. Қалың тұман әсіресе таңғы уақытта қатты білінді.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.12.2020
Мұндай тосын жағдайға таңырқаған қала тұрғындары әлеуметтік желіде сурет жариялап, қызу талқыға салды. Тіпті кей жерлерде таңғы уақытта айналадан ештеңе көрінбей қалған. Ал ауа райы мамандары бұл антициклонның әсері деп отыр – 24-28 градус аралығында аяз орнаған. Бірақ желсіз әрі бұлтсыз болғандықтан тұман қалыптасып, оған қаладағы жер үйлерден шыққан түтін араласқан. Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін ауаның ластану дерегі қаланың барлық тұсында білініпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!