{metadescription}
Бастауыш сыныптар онлайнға ауыстырылды – Елорда
Бастауыш сыныптар онлайнға ауыстырылды – Елорда

Бастауыш сыныптар онлайнға ауыстырылды – Елорда

Елордада бастауыш сыныптар онлайн оқу үлгісіне ауыстырылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті аяздың күшеюіне байланысты бірінші ауысымда оқитын оқушыларға осындай шешім қабылдаған.

Бүгін Елордада сынап бағаны -26 градусқа дейін төмендеді. Ауа райының қолайсыздығынан Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха мен Шемонаиха аудандарында және Шар мен Суық бұлақ қалаларында бастауыш сынып оқушылары мектепке барған жоқ.

Төтенше жағдай ережесінде 25 және 29 градус аязда бастауыш сыныптар, жел күшті болса, негізгі сыныптар мектепке бармайды. Ал -30 градустан төмендесе, бүкіл сыныптарда сабақ тоқтатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде