{metadescription}
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен қанша шығын келді?  
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен қанша шығын келді?  

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен қанша шығын келді?  

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен келген шығын 800 миллион теңгеден асады. Таразда өтіп жатқан Қордай қақтығысына қатысты алғашқы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы осындай дерек келтірді.   

Мүлік иелеріне 829 миллионннан астам, сонымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментіне тиесілі 10 автокөлік құралы зақымдалып, мемлекетке 3 миллионнан астам шығын келтірілген.

Прокурор күдіктілерге бес сағат бойы айыптау актісін оқып берді. Онда кімнің не істегені, қандай қылмыс жасағаны дәлме-дәл уақытымен айтылған. Алдымен жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген бес адамның есімі аталды. Олар Нұр-Сұлтан, Атырауда жүріп-ақ аудиохабарлама арқылы жұртты Сортөбе, Масаншы ауылдарына баруға үгіттеген екен.

Қордай оқиғасы бойынша 51 адам айыпталып жатыр. Олардың 10-ы кісі өлтірді деген күдікке ілінсе, қалғаны жаппай тәртіпсіздік, қарақшылық бабымен сот алдында жауап беруде. Ауқымды сот ұзаққа созылмайтын тәрізді. Өйткені аптасына төрт отырыстан белгіленген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде