Қамбашта мұз жарылып, балықшылар көлігі суға батты – Қызылорда облысы
Қызылорда облысында қайғылы жағдай. Арал ауданында мұз жарылып, балықшылар мінген жеңіл көлік суға батып кетті. Ішіндегі жеті адамның төртеуі тұншығып өлген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.12.2020
Қайғылы жағдай Арал ауданындағы Қамбаш көлінде болған. Балықшылар мұз үстімен жағадан үш шақырымдай жерге алыстап кеткен. Қалыңдығы 25 сантиметірлік мұз сол сәтте қарс айырлып, «УАЗ» маркалы машина су астына кетеді. Салондағы жеті адам түгел батып, ал үшеуі жанталасып мұз бетіне өз күшімен шықан. Ал төрт балықшы техниканың ішінде қамалып, көлдің табанына бір-ақ түскен. Олардың өлі денесі бүгін табылды.
Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:
- Оқиға кеше сағат бес шамасында болды. Қараңғы түскендіктен іздестіру тоқтатылып, таңертең қайта басталды. Таңғы сағат 10 шамасында төрт балықшының денесі тереңдігі жеті метр судың астынан алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!