{metadescription}
Теңіз кеніші жұмысшылары жалған ПТР-тестімен ұсталды
Теңіз кеніші жұмысшылары жалған ПТР-тестімен ұсталды

Теңіз кеніші жұмысшылары жалған ПТР-тестімен ұсталды

Атыраудағы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар короновирус бар-жоғын көрсететін ПТР анықтамасын қолдан жасап өтпек болған. Жалған құжатпен ұсталғандардың ісі құзырлы органдарға жіберіліп, тексеріс басталды.  

«Теңізшевройл» басшылығының айтуынша, жалған құжатпен ұсталғандардың дені – кеніште істейтін түрлі мердігер компаниялардың жұмысшылары. Елдің түпкір-түкпірінен вахталық  жұмысқа келетіндер зертханадан ресми түрде анықтама алуға ерінетін  көрінеді. Сондықтан аурудан аман деген қағазды қолдан жасатқан. Алайда олардың анықтамасы  тест сынамасын жасайтын зертханалардың ортақ базасында тексеріледі дейді мамандар. Әрекеті әшкере болғандардың ісін құзырлы органдарға жіберіп, енді оларды кен орнына мүлдем жолатпау көзделді. Бүгінге дейін кеніште 167 мыңнан  аса ПТР-сынама жасалған. Содан ауру анықталған 174 жұмысшы кеніштегі госпитальде емделіп жатыр. 

Рзабек Артығалиев «Теңізшевройл» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:

- Жалған ПТР-тест анықтамасын жасатқандардың анықталуы бізді алаңдатып отыр. Кей мердігерлердің жұмысшылары санитариялық посттардан ПТР-сынаманың жалған анықтамасымен өтпек болған. Бірақ ол анықтамалар ортақ базамен салыстырылып тексеріледі. Ал әшкере болғандар бойынша іс тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді, ресми түрде тергеу жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде