Covid-19: 231 науқастың жағдайы ауыр
Бір тәулікте тағы 729 адам КВИ-на шалдықты. Ауру жұқтыру өсімі бойынша көш басында – Нұр-Сұлтан қаласы. Мұнда бір күнде 106 науқастан коронавирус анықталды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
09.12.2020
Дәл осы диагноз өткен тәулікте 100-ге тарта Павлодар облысының тұрғынына қойылған. Шығыс Қазақстан облысы да қызыл аймақтан шыққанымен, вирус жұқтыру көрсеткіші төмендемей тұр. Өңірде тәулік ішінде 95 адамнан Covid-19 анықталды. Ал эпидемиологиялық ахуалы тұрақты Қызылорда облысында бір ғана тұрғын дерт жұқтырған. Коронавирус пневмониясы диагнозы бір күнде 215 адамға қойылды. Жалпы бұл дертті 1-тамыздан бері 43 339 науқас жұқтырған. Ал коронавируспен жалпы саны 138 382 адам тіркелді. Дәл қазір 14 мыңдай адам Covid-19-дан емделіп жатыр. Оның мыңнан астамы – бала. 231 науқастың жағдайы ауыр. Осыған дейін өкпе қабынуынан 456, коронавирустан 2088 адам бақилық болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!