{metadescription}
Мемқызметкердің интернет-казинодан пайда тапқаны рас па? – Ақмола облысы 
Мемқызметкердің интернет-казинодан пайда тапқаны рас па? – Ақмола облысы 

Мемқызметкердің интернет-казинодан пайда тапқаны рас па? – Ақмола облысы 

Құтқарушының бизнесі. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері еліміздің бес бірдей қаласында интернет-казино ашып, пайда тапты деген күдікке ілінді.

Алғашында құмар ойынның көрігін қыздырған лауазымды тұлға деген ақпарат тараған болатын. Алайда Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қарағанды мен Көкшетауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп күдікке іліккен шенеунік емес, қарапайым құтқарушы болып шықты. Ол 2002-жылдан бері облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқарып келеді. Құтқарушылық қызметпен бірге ол нағыз бизнесмен болып шықты. Сала басшыларының айтуынша, қарамағындағы азамат ешқашан жұмыстан қалып көрмепті. Бірақ Көкшетаудан басқа еліміздің ірі төрт қаласында шаруасын дөңгелеткен. Казинолары тәулік бойы  жұмыс істеп тұрыпты. Қазір аталмыш іс бойынша Қаржы мониторингі комитеті сотқа дейінгі тергеу  жүргізуде. Департамент те қызметтік тексеріске  кірісті.

Қанат Доспаев, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қызметкердің осы іспен айналысқаны анықталса, күн тәртібіне қызметтен кетіру мәселесі қойылады. Әзірге ол жұмысында. Бұл істе біздің департаменттен осы қызметкер ғана аталып отыр. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, басқа ақпарат бере алмаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде