{metadescription}
0:000:00
Таразда 100-ге жуық отбасы үйіне газ тартқыза алмай жүр

Таразда 100-ге жуық отбасы үйіне газ тартқыза алмай жүр

Таразда 100-ге жуық отбасы бүрсеңдеп тоңып отыр. Өйткені үйіне газ тартқыза алмай жүр. Тиісті ақшаны бәрі жинап берсе де, мердігер сан сылтау айтып, көгілдір отын қосып беруге құлықсыз. Ал кәсіпкер тұрғындарды кінәлады. Өйткені қауіпсіздік талабын орындамау өз алдына, ақшаны да толық төлемеді дейді.

Коммунальник деп аталатын саяжай тұрғындары мердігерге алданып, қыстың күні қиындыққа тап болдық дейді. Көбі биыл көгілдір отынға қосыламыз деп қуанған. Бақыттан бас айналғаны сонша, көмір алуды да ұмытыпты. Себебі, күн суытпай газға қосыламыз деп сенген. Алайда тұрғындар сол күйі бүрсеңдеп отыр.

Жолдыбай Талдыбаев, Тараз қаласының тұрғыны:

- Көршілеріміз жағып отыр. Біз ортада қалып қойдық. Есіктің алдынан газ құбыры өтіп тұр. Үрпісін шығарып кеткеніне үш ай болды.

Аумақта жалпы саны 100-ден аса үйге газ тартылуы тиіс болса, оның тек 30-дан астамына газ берілген. Ал қалғаны әлі жүр. Жұрттың сөзінше, бәрі газдың ақшасын толық жинап берген. Тіпті кейбірінің қолында қаражаты болмай, несие алыпты.

Айсара Мәмбетуллаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- «300 мыңды тез өткізіп берсеңдер, желтоқсан келмей, қарашада бірден газ тартып береміз», - деді. Алдынғы апта келіп кеттік.»Келесі аптада болады» - деді. Ал бүгін «жобамыз дайын емес» дейді. Астананың проектісін сызып жатқан жоқ қой.

Мердігер тұрғындарды «алдаған жоқпын» деп ақталды. Оның сөзінше, қаржысын төлеп әрі барлық техникалық және қауіпсіздік шара сақталған үйлерге газ кіргізілген. «Ал талапты орындамағандарға газ қосылмайды», - дейді.

Еркін Әйнекбаев, «ЭнергоСтроитель» ЖШС өкілі:

- Мысалы, біреудің үйінде газды сорып шығаратыны жоқ, біреудің пеші, шлангысы дайын емес. Әрқайсымен жеке жұмыс істеп жатырмыз. Құжаты біткен үйлер газ жағып отыр. Құжаты бітпеген үйлер айқай шығарып отыр.

«Тұрғындар кем-кетікті түзесе, газ қосып береміз, ал талап орындалмаса, көгілдір отын жалғауға хақымыз жоқ», - дейді мердігер.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде