Жыл басынан бері азық-түлік қаншаға қымбаттады?
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары 9,6 пайызға қымбаттаған. Әсіресе Нұр-Сұлтанда және Атырау, Павлодар облыстарында баға шарықтап тұр. Ал бұл қымбатшылықтың соңы жаздан бері тоқтамаған елдегі инфляция деңгейін 7,3 пайызға дейін тағы көтеріп жіберген.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.12.2020
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі кіретін тізімінен сегізі бойынша бағаның 10%-тен 30%-ке дейін едәуір өсуі байқалады. Қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлардың бағасы қарқынды өсті. Бұған жыл ішінде валюта бағамының және әлемдік бағаның өсуі себеп болды
Өйткені біз ішіп-жеп жүрген қант пен қарақұмық негізінен Ресейден импортталады. Күнбағыс майы мен картоп экспортының бағасы 46,1 пайызға көтерілген. Ол бір жағынан өз нарығымыздағы бағаны да көтеріп отыр екен. Ал жұмыртқаның бағасын өсірген биылғы тауық санының қысқаруы әрі өндірістің құлдырауы болып отыр.
Биыл құс тұмауынан солтүстік өңірдің біраз тауығы мен қаз-үйрегі қырылған. Жалпы әлеуметтік маңызды деген 9 тауар түріне шекті баға белгіленіп, 7 тауардың экспортына тыйым салынған. Бірақ соған қарамастан биылғы төртінші тоқсанда тағы да баға өсімі тіркелген. Қазан айында 2,8 пайыз және қарашада 2,3 пайызға көтерілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!