Қазақстан бір жарым миллиард еуро қарыз алады
Қазақстан короновируспен несие алып күреспек. Сенаторлар бір жарым миллиард еуро қарыз алу мәселесін шешіп берді. Бұл миллиардтаған қаражатты Қаржы министрлігі екі азиялық банктен алып, ел экономикасын түзеуге, қауіпті індетпен күресуге жұмсайды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.12.2020
Қарыздың бір бөлігін «Азия даму банкі» береді. Алып жатқан сома көлемі – 908 миллион еуро. Қазақстан берешектің жартысын алдымен 10 жыл ішінде, қалғанын бес жылдан кейін қайтаруы керек. Қарыздың екінші бөлігі «Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен» алынады. Үкімет ақшаны 10 жылдың ішінде 660 миллион еуроны пайызымен қосып, бюджет есебінен қайтаруға тиіс.
Еліміздің бас қаржыгері бүгін сенаторларды бір жарым миилиард еуроға қосылатын үстемақы жеңілдікпен беріліп жатыр деп сендірді. Жаңа жұмыс орындарын құрып, халыққа жеңілдікпен несие бермекші.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
- Осы қиын кезеңде азаматтардың арнайы санатына қолдау көрсету. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» білесіздер, қазір «Отбасы банкі» болып қайта құрылып жатыр. Халыққа жеңілдетілген несие беру, тұрғын үй алуына көмектесу. Осындай негізгі басымдық анықталған. Басым бөлігі осы бағытта жұмсалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!