Депутатқа шетелде есепшот ашуға – тыйым, бала-шағасына – рұқсат
Депутаттар енді шетелде есепшот аша алмайуға тыйым салынды. Сондай-ақ шенеуніктер мен судьялар да елімізден тыс жердегі банктерде құнды дүниесін сақтай алмайды. Бір қызығы,жаңа өзгеріс олардың әйелі мен балаларына еш қатысы жоқ.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.12.2020
Қазақстандық депутаттарға шетелде есепшот ашуға тыйым салынды. Сондай-ақ шенеуніктер мен судьялар да елімізден тыс жердегі банктерде құнды дүниесін сақтай алмайды. Бір қызығы,жаңа өзгеріс олардың әйелі мен балаларына еш қатысы жоқ.
Ресей жеті жыл бұрын Қазақстанның енді ғана қолға алған заңын қабылдаған болатын. Көрші елдегі мемлекеттік корпорациялар мен компанияларда жұмыс істейтіндер мен олардың әйелдері, балалары шетелде ешқандай есепшот аша алмайды екен. Ал біздің жаңа заң Ресейдікінен қарағанда өзгешелеу. Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, әйел мен бала-шағадан гөрі, өзін ылғи «судан таза, сүттен ақ» етіп көрсететін шенділерді тезге салу керек. Содан кейін ғана жоғары лауазымдағы тұлғалардың туған-туысына шектеу қою жағы қарастырылуы мүмкін.
Андрей Лукин, Сенат депутаты:
- Шетелдік банктерде есепшот ашу және оған иелік ету туралы жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер парламент депутаттарына, судьяларға және мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Осы кезеңде әзірге тек коррупция субъектілеріне ғана шектеулер енгізген дұрыс деп санаймын. Қазақстанның өз жолы бар. Біз өзгелерден үйренсек те, өзіміздің жеке моделімізді қалыптастырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!