Топардағы апат: Қарағанды облысындағы жылу электр орталықтары тексеріледі
Топар кентіндегі су электр стациясында болған апаттан кейін Қарағанды облысындағы барлық жылу электр орталығы тексерілетін болды. Бір адамның өмірін қиған жарылыстан соң облыс басшылығы осындай шешім қабылдады. Ал апатта зардап шеккен үш адамның жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
14.12.2020
«Қазақмыс» компаниясына қарасты ГРЭС-те болған апат Топар кентіндегілерді қатты шошытты. Жылу орталығының үстінен шыққан сұрғылт буды көргендер ондағы қазандық жарылды деп топшылаған. Сөйтсе жарылған қазандықтан шығатын құбырдың бірі екен. Апат кезінде мұнда шамамен 200-ге жуық жұмысшы болған. Жырылыстан 62 жастағы жұмысшы сол жерде тіл тартпай кетті. Компания өкілдері марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетеміз деп отыр. Арнайы комиссия құрылып, ақау себебін 10 күн ішінде айтады. Ал апат ошағында жарақат алған үш адамның біреуі үйіне жіберіліп, екеуі дәрігерлердің қарауында қалған.
Ерік Шонбаев, травматолог:
- Науқастың беті, білек тұсы күйген. 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйіктер. Әзірге ауруханада болады. Жағдайлары қалыпты. Үшінші адамның денесінің үш пайызын күйік шалған. Денсаулығына қауіп жоқ болғандықтан үйінде емделетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!