{metadescription}
Жетісайда ағайындылар газ үнемдеймін деп уланып өлді
Жетісайда ағайындылар газ үнемдеймін деп уланып өлді

Жетісайда ағайындылар газ үнемдеймін деп уланып өлді

Газ үнемдеймін деп ажал құшты. Жетісайда көгілдір отынды үнемдемек болған ағайындылар мұржаны бітеп, ақыры улы газға тұншығып қалған.

- Үсті жабық. Міне, тесік. Шегемен тесіп қойған. Жабық, мынау солдаттың ыдысы.

Бұл үйде 62 және 50 жастағы ағалы-інілі екі азамат тұрған екен. Олар үйінен шықпай қалған соң баспанаға бас сұққан көршілер улы иісті сезеді. Есік-терезені ашып, үй ішін желдетіп жүргенде бөлменің бірінде сұлық жатқан үй қожайындарын көрген. Жедел жәрдем дереу жеткенімен, ағайындыларды құтқару мүмкін болмады. Көршілердің айтуынша, ағасы мен інісі бірнеше күн бұрын ғана мұржаға темір түтік орнатып газды үнемдемек болғанын айтқан. Сөйтіп сыртқа шығуы керек 80 пайыз улы иіс баспананың ішіне тараған.

Жыл басынан бері улы газдан Түркістан облысында бес адам көз жұмған. Мамандар қыста жылыту құрылғысына барынша мұқият болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.