{metadescription}
Президент қарапайым еңбек адамдарын марапаттады
Президент қарапайым еңбек адамдарын марапаттады

Президент қарапайым еңбек адамдарын марапаттады

Дәрігер, ұстаз, құрылысшы, машинист пен шаруалардың кеудесіне төсбелгі тағылды. Ақордада Президент қарапайым еңбек адамдарын марапаттап, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент қолынан мемлекеттік наградаға әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға үлес қосқандар ие болды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, өндіріс, әлеуметтік сала өкілдері, қарапайым еңбек адамы да бар.

Салтанатты рәсімде мемлекет басшысы биыл елімізге күрделі әрі қиын жыл болғанын атап өтті. «Пандемияның кесірінен Тәуелсіздік күнін тойлау мүмкін болмаса да, ол ешқандай да ұлттық мерекенің құны мен маңызын төмендетпейді», - деді. Сол себепті Тоқаев келесі жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнамақ. Егемендіктің үшінші онжылдығын артта қалдырған кезде президент елімізге жаңа реформалар топтамасын жарияламақ ниетте.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Алдағы жыл межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Келесі жылдың басында жаңа реформалар топтамасын жариялаймыз. Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға, әділет және тең мүмкіндік қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.