Тұрғын үй басқарудың жаңа форматына неге қарсы – Ақтөбе
Ақтөбелік кондоминиум басшылары тұрғын үй басқарудың жаңа форматына қарсы. Енді мүліктің меншік иелері бірлестігіне ауысатын болса, көрсетілер қызмет қымбаттайды деп отыр. Онымен қоса тұрғындар жылу мен су құбырынан ақау шыққанда мамандарды шақырту да қиындайды деп қорқады.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.12.2020
Серік Едігеев, кондоминиум төрағасы:
- Кондоминиумның жұмысы жедел жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Суды, жарықты уақытында береміз. МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі – ред.) құрып, басқарушы компанияға кіретін болсақ, ондай мүмкіндік болмайды. Баяғыдан ПИК қалпына келеді. Онда тәртіп, тазалық болмайды.
Елімізде жаңа жылдан бастап тұрғын үйлерді пәтер иелері кооперативі немесе кондоминиум емес, мүліктің меншік иелері басқаратын болады. Бір сөзбен айтқанда сол үйде тұратын тұрғындардың одағы басқарады. Бір бірлестік тек бір үйге ғана қызмет көрсетеді. Әкімдіктегілер де тұрғын үйді басқару жаңа бағытқа өзгерсе, тариф қымбаттауы мүмкін дегенді жоққа шығармайды. Себебі, басқарудағы бір ғана үйдің қажетіне бөлек есеп-шот ашылып, шығын да көбейеді екен.
Ақнұр Қазыбаева, Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім меңгерушісі:
- ПИК-де тек бір есепшот. Соған ақша түседі, оны әр үйдің мұқтажына қарай олар жұмсай береді. Ал қазіргі заңнама аясында мүліктік меншік иелері бірлестігіне және жай серіктестік болса, олардың үйінде бір басқарушысы болады. Олар үйге қызмет көрсететін компаниялармен келісімшарт жасасады. Сонымен қатар тұрғындар өз шотына өздері ақша салып отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!