Жаңаарқада төгілген мұнай қалдығы топырақты терең улаған – Қарағанды облысы
Қарағанды облысы соңғы кездері улы заттарды төгетін полигонға айналды. Екі апта бұрын Жаңаарқа ауданында жол үстіне төгілген мұнай қалдығы топырақты оңдырмай улағаны анықталды. Дей тұрғанмен, ауыл маңына мұнай қалдығын төккен компания болмашы айыппұлмен құтылды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
14.12.2020
30 қараша күні Мұқажан Жұмажанұлы ауылынан таяқ тастам жерде мұнай қалдықтары төгілген. «Казтрансойл» компаниясының Атасу мұнай айдау бекетінен Жаңаарқа бекетіне цистерналарды тазалауға әкетіп бара жатқанда болған. Бұл жұмыспен Атасу кентіндегі «Биосервис» серіктестігі айналысады. Айтуларынша, жол үстінде цистернаның қақпағы ашылып кеткен. Тексеріс жүргізген экологтар мұнай қалдығы төгілген орында топырақ құрамындағы улы зат 13 есе артқанын анықтады. Соған қарамастан заң шеңберінде 320 мың теңге айыппұл салуға ғана шамасы жетіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!