Жүк көлігі аударылып, 15 тонна күкірт қышқылы төгілді – Қарағанды
Қарағандыдан шыға берісте улы зат таситын жүк көлігі аударылып, цистернадағы 15 тонна күкірт қышқылы төгілді. Көпірден түсіп келе жатқанда рөлге ие бола алмаған жүргізуші химиялық зат тиелген жүк көлігін жол шетіне аударып жіберген.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
14.12.2020
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі жайылған күкірттің үсті мен жан-жағын арнайы көбіршікпен қымтады. Улы заттың ауаға таралуын немесе тұтануын осылай болдырмау керек екен. Мамандардың айтуынша, күкірт тиеген көлік Қарағандыдан Шет ауданындағы кен орындарының біріне бет алған. Күкірт қышқылын тасымалдаумен айналыстан компания өкілдері апат орнын улы заттан тазартып жатыр. Дегенмен жерге сіңіп үлгерген күкірттің топырақ пен ауаға келтірген зиянын енді экологтар анықтайды. Күкірт қышқылы төгілген жер қатаң бақылауға алынды.
Ақылбек Ахметжанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Күкірт қышқылы 20 шаршы метр алаңға төгілді. Жол көлік оқиғасында 1971 жылы туған жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері жол учаскесін қоршап, бақылауға алды. Жол қозғалысына кедергі болған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!