{metadescription}
Жаңаөзенде инкассаторға шабуыл жасаған қылмыстық топ жайында
Жаңаөзенде инкассаторға шабуыл жасаған қылмыстық топ жайында

Жаңаөзенде инкассаторға шабуыл жасаған қылмыстық топ жайында

Ішкі істер министрлігі Жаңаөзен қаласында инкассаторға шабуыл жасаған қылмыстық топ жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Бір аптаның ішінде күдіктілердің бәрін құрықтаған полицейлер арнайы жасақ жүргізген операцияның бейнежазбасын да жариялады.

Куәгерлер, келіп қараңыздар.

Тәртіп сақшылары тінту кезінде үйдің қазандығына көмілген бір шелек ақша тапқан. Бұл – тоналған қаражаттың бір бөлігі. Әуелі көлік жүргізуші қолға түссе, кейін тағы бір адам ұсталған. Ал өткен жұмада үшінші күдікті құрықталды.

Желтоқсанның басында Жаңаөзенде екі кештің арасында белгісіз біреулер инкассаторға шабуыл жасап, жеңіл көлікпен ізін жасырған. Инкассатор жүргізушісін пышақпен қорқытқан олар 76 миллион теңгені қолды қылған.    

Нұрділдә Ораз, ІІМ ресми өкілі:

Қылмыскерлер инкассаторларға шабуыл жасауға бір ай дайындалған. Олар инкассатор машинасының бағыты мен қозғалысын, уақытын есептіп, өзара рөлдерді бөліп, қару дайындаған. Инкассаторларға шабуыл жасау фактісімен ҚК 192-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүруде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде