{metadescription}
Ақылы мұз айдынын ашамыз деп тракторды суға батырды – Қарағанды
Ақылы мұз айдынын ашамыз деп тракторды суға батырды – Қарағанды

Ақылы мұз айдынын ашамыз деп тракторды суға батырды – Қарағанды

Қарағандыда орталық саябақта трактор өзенге батып кетті. Мұзда сырғанау маусымын ашуға асыққандар көл үстіндегі қарды тазаламақшы болған. Алайда ауыр техниканы жұқа мұз көтере алмапты.

Саябақ жұмыскерлері мен құтқарушылар жабылып жүріп тракторды шығара алмай әуреге түсті. Мұзға маңайламаған ауыр техника судан төбесі көрінген тракторды алыстан сүйрегенімен нәтиже бермеді. Таяқ, күректерін ұстағандар судағы тракторды күн ұзаққа айналсоқтады. Негізі ауыр техниканы мұз үстіне оның қалыңдығы 25 сантиметрден асқанда ғана шығару керек. Бірақ бақтағылар ақылы мұз айдынын ашуға асыққан сыңайлы. Енді сырғанақтан түскен тиын-тебен суға батып, сау тамтығы қалмаған тракторды жөндеуге жұмсалады.   

Талғат Смайылов, «Саябақтары басқару» МҚК бас инженері:

- Бір жерде мұздың қалыңдығы жақсы екен, бір жерде жаман болған шығар. Мына жағы жөндеп қатпаған шығар. Бірінші артқы доңғалағы батты. Сосын тракторшы шығып, түскеннен кейін тракторды тартып жатқанда, бүкіл өзі батып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде