«Ауыл» партиясы: Ата кәсібіміз – қолөнерді жандандырсақ
«Ауыл» партиясы қолөнер шеберлерімен кездесті. Елордада өткен шараға танымал этно-дизайнерлер қатысты. Оның басым бөлігі – қандастар.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.12.2020
Кездесуде көпшілікке отандық қолөнер өнімдері көрсетілді. Бірінен-бірі асатын ұлттық ою-өрнектер мен түрлі тоқыманы тамашалаған «Ауыл» партиясы кандидаттары он саусағынан өнер тамғандардың жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ халыққа кең насихаттауға барлық жағдай жасалуы тиістігіне де кеңінен тоқталды. Осылайша қандастарға қатысты жан-жақты жеңілдік қарастырылып, мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі тиіс дейді партия мүшелері.
Бахаргүл Төлеген, «Ауыл» партиясының мүшесі:
- Ата кәсібіміз – қолөнерді жандандырсақ. Үлкен заманауи цех, зауыт, жүн өндейтін, тоқыма тоқитын фабрикаларды іске қоссақ – экспортқа, импортқа мұқтаж болмайтын едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!