{metadescription}
Aq jol: Бай мемлекет бола тұра, кедей отбасы көп 
Aq jol: Бай мемлекет бола тұра, кедей отбасы көп 

Aq jol: Бай мемлекет бола тұра, кедей отбасы көп 

«Ақ жол» партиясының өкілдері Шымкентте дәрігерлермен кездесті. Сайлауалды бағдарламасы түсіндірілген жиынға партия мүшелері мен кәсіпкерлер де қатысты.

«Ақ жол» партиясының атынан Шымкенттен Мәжіліс депутаттығына ұсынылып отырған үміткер сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Жиынға келгендер көкейде жүрген сұрағын қойып, партияның ұстанымына қатысты пікірін ортаға салды. Әсіресе дәрігерлердің мәселесі ерекше талқыланды. «Ақ жолдықтар» медицина қызметкерлерінің мәртебесіне қатысты заңнама әзірлеуді ұсынған еді. Жүздесу барысында басқа да әлеуметтік маңызды тақырыптар тілге тиек болды.

Тұран Әбжанов, AQ JOL партиясының мүшесі:

- Әлеуметтік мәселені «Ақ жол» партиясы үнемі көтеріп жүр. Мысалы, осыншама пайдалы қазбамен бай мемлекет бола тұра, көптеген кедей отбасылар бар. Ол дұрыс емес шығар деп ойлаймын. Мысалға алсақ, көп балалы аналар. Көп балалы аналардың мәселесін мемлекеттің шешуге қауқары, күші жетеді. Бірақ құрал жоқ. Сол құралдарды шешуге біз – «Ақ жол» партиясы көмектесеміз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде