{metadescription}
Adal партиясы: Ең төменгі күнкөріс мөлшерін екі есе арттырамыз
Adal партиясы: Ең төменгі күнкөріс мөлшерін екі есе арттырамыз

Adal партиясы: Ең төменгі күнкөріс мөлшерін екі есе арттырамыз

Adal партиясынан депутаттыққа кандидаттар да үгіт-насихатпен Шымкентте жүр. Бүгін олар жергілікті тұрғындардың түйінді мәселесін тыңдады.

Халық, әсіресе, мембағдарламамен салынған тұрғын үйлердің сапасына шағым айтты. Ал адалдықтар бұл мәселені сапаны тексеретін тәуелсіз ұйымдар құру арқылы шешуді жоспарлап отыр. Бұған қоса саяси ұйым мүшелеріне депутаттық мандат бұйырып жатса, ең төменгі күнкөріс мөлшерін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. «Ең төменгі жалақыны да соған сәйкестіру керек», - дейді. Adal партиясының мүшелері еліміздегі кедейшілікті жоюға ат салыспақ.

Мақсат Толықбай, Adal партиясының мүшесі:

- Тұрғындар тарапынан кешелі бері арыз-шағымның көбі жол, жер мәселесі, мембағдарламамен салынған баспана сапасына байланысты біраз сұрақтар туып жатыр. Мұның тамырына үңілетін болсақ, үлкен проблема жатыр. Біз жолдың сапасыздығын айтамыз, ал сол жолдың сапасын тексеретін бізде тәуелсіз ұйым жоқ. Сондықтан тәуелсіз ұйымды көбейту керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде