Бауыржан Байбек: Біз бос уәде бермейміз
Nur Otan-ның аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін билеуші партияның республикалық сайлауалды штабы Шымкентке барды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.12.2020
Партия мүшелері алдымен қаладағы мақта-мата комбинатына соғып, жұмысшылармен кездесті. «Шымкентте тағы 23 кәсіпорын ашу жоспарда бар», - деді кездесуде штаб басшысы Бауыржан Байбек. Осылайша өңірдегі 80 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Саяси ұйым мүшелері Jas Otan-ның белсенді жастарына да уақыт бөліп, үгіт-насихат науқанына атсалысып жатқаны үшін алғыс білдірді. Артынша Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қала тұрғындарымен ашық әңгімелесті. Партия алдағы бес жылда осы өңірде 42 мектеп пен 22 медициналық мекеме тұрғызуды қолға алмақ. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән береміз деп уәде етіп отыр.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Біз бос сөз айтпаймыз, бос уәде бермейміз. Әрбір бағдарламаға нақты саналған қаражат қарастырылған, нақты көрсеткіші болады. Бес жылдан кейін біз қайта сайлауға түскенде «мынаған біз уәде бердік, соны біз орындадық» дейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!