{metadescription}
Егер сайлаушы басқа жерде дауыс бергісі келсе...
Егер сайлаушы басқа жерде дауыс бергісі келсе...

Егер сайлаушы басқа жерде дауыс бергісі келсе...

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларды есептен шығару тәртібін бекітті. Сайлаушы сайлау кезінде өз елдімекенінде болмай, басқа жерде дауыс бергісі келсе, негізгі мекенжайынан есептен шығару куәлігін алу керек. Оны желтоқсанның 26-нан қаңтардың 9-ына дейін алып үлгеруі қажет.

Есептен шығару куәлігін алу үшін сайлау комиссиясына өтініш жазып, жеке куәлігін ұсыну керек. Сөйтіп оны өзі дауыс бергісі келетін басқа сайлау комиссиясына көрсетеді. Ескеретін жағдай, егер сайлаушы өзі тұратын жердегі сайлау учаскесінен есептен шығару куәлігін алса, онда ол сол елдімекендегі сайлаушылар тізімінен шығарылады. Яғни ешқандай сайлауға қатыса алмай қалады. Ондай жағдайда дауыс беруге басқа өңірге бару керек. Әрі қолында аудандық, облыстық мәслихаттар мен Мәжіліс сайлауына қатысуға мүмкіндік беретін үш бірдей есептен шығару куәлігі болуы тиіс. Ал ол куәлікті оңай ажырату үшін үшеуі үш түрлі түске боялады.

Сергей Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Сайлаушы облыс ішінде орын ауыстырса, мәжіліс пен облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады және соған сай екі есептен шығару куәлігінің орнына екі сайлау бюллетенін алады. Облыстан тыс жерлерде сайлаушы мәжіліс депутаттарының сайлауына ғана қатысып, бір есептен шығару куәлігінің орнына бір сайлау бюллетенін ғана алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде