{metadescription}
Жекеменшік балабақша иелері шу шығарды – Орал
Жекеменшік балабақша иелері шу шығарды – Орал

Жекеменшік балабақша иелері шу шығарды – Орал

Оралдағы жекеменшік балабақша қожайындары бүгін қалалық білім бөлімі алдында шу шығарды. «Мемлекеттен берілуі тиіс субсидияны ала алмай жүрміз» дегендер жүздеген қызметкердің жалақысыз қалғанын айтады. Кәсіпкерлер білім бөлімінің үстінен Бас прокуратураға шағым түсірген.

Алтыншаш Ахметалиева, балабақша құрылтайшысы:

- Қазан айында көп балабақшала қарашаның аяғында алды. Бірақ заң, еңбек заңы бойынша 10-на  жұмысшыларымызға жалақы төлеп беруге міндеттіміз. Қарашаның ақшасын біз әлі алған жоқпыз.

Балабақша құрылтайшыларының сөзінше, оралдық білім бөлімі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен есепті электронды түрде емес, қағаз жүзінде тапсыруды талап етеді екен. Кәсіпкерлер жұмыс істеудің орнына «қағазбастылыққа салындық» деп, білім бөлімімен соттасып жеңіп шыққан. Жалпы Орал қаласында білімге қатысы бар кәсіпкерлер мен шенеуніктердің арасында жанжал жиі болатын көрінеді. Енді тағы қаржысыз қалған 10-нан астам балабақша басшылары Бас прокурор мен Президентке шағым түсірді. Ал қалалық білім бөліміндегілер жекеменшік алдындағы қарызды күні «кеше ғана аудардық» дейді. Десе де нақты қанша миллион берешек екенін айта алған жоқ. «Қалған мәселені келер жылдан қалмай шешеміз», - деп уәде берді.

Ақжарқын Темірханова, Орал қалалық білім бөлімінің басшысы:

- 2021-жылдан бастап кезекке тұру, табельдеу және ата-анамен келісімшартқа тұруға дейін  барлық құжат электронды түрде болады. Мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру ережесіне де өзгеріс енуі мүмкін. Біз барлық өзгерісті келісімшартқа енгіземіз. Сондықтан келесі жылдан бастап мәселе түгел шешіледі деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.