{metadescription}
Көмек қажет: Өртте екі адамнан айырылған оралдық отбасы далада қалды
Көмек қажет: Өртте екі адамнан айырылған оралдық отбасы далада қалды

Көмек қажет: Өртте екі адамнан айырылған оралдық отбасы далада қалды

Оралда өрт кесірінен баспанасыз қалған қалған отбасы көмекке мұқтаж. Қызыл жалын атасы мен немересінің өмірін жалмаған. Дүние-мүлкі де түгел өртеніп кетті. Бүгін екі адамды бірдей жер қойнына тапсырғандар енді жұрттан жылу жинауға мәжбүр.

Ал ыс тиіп жедел жәрдем алып кеткен кішкентай қызы мен әкесі ауруханадан шықты. Әзірге туған-туысқандарын паналай тұрмақ. Қала тұрғындары қолдан келгенше жерлеу рәсіміне қаражат жинап, киім-кешек әкеліп берген. Өрт пештен болды ма, жоқ па, оны тергеушілер анықтап жатыр.

Кира төрт жаста. Оның ата-анасы екі күн бұрынғы алапат өртті көргелі бері кішкентай қыздың тілі байланып қалғанына алаңдап жүр. Балақай түтіннен тұншығып қала жаздаған. Ащы түтіннен қос жанары зақымданып, екі күннен бері көзін аша алмай жүр екен. Ал оның ағасы мен атасы сол түні оянбастан о дүниеге аттанды.  

Юлия Свиридова, зардап шегуші:

- Тұншығып кеткен. Туысқандарым барып көргенде баланың беті ғана аздап күйген. Атасының да еш жері зақымданбапты. Түтін қатты болған ғой. Көзді ашып жұмғанша болды бәрі. Мен сол сәтте дәретханаға далаға шығып кеткенмін. Есікті ашып едім, от өзіме лап берді.

Максим жақында 9 жасқа толар еді. 3-сыныпта оқитын ол таэквондомен айналысып, әке-шешесіне  алғашқы медалін әкеліп қуантқан. Атасы екеуінің кереуеті қатар тұрған.Тез арада қою қара түтін басып, ыстық жалын жайылып кеткен. Құтқармақ болғандар оларға жақындай алмапты.Үй иесі, 43 жастағы Андрей Афонченко соңғы секундқа дейін әкесі мен баласына жетуге тырысқан. «Бірақ өзім есімнен танып құлап қалыппын», - дейді.

Андрей Афонченко, зардап шегуші:

- От жалын лап ете түсті. Жүгіріп жүрмін. Бет қарып, өршелене жанған оттан қалай басқа бөлмеге өтерімді білмедім. «Қызым, қызым» деймін. Терезені сындырғаным есте. Ар жағын еміс-еміс білемін. Есімнен таныппын.

Жалынның неден шыққаны әзірге белгісіз. Өрт-техникалық сараптама жасалып, қорытындысы әлі шықпаған. Зардап шеккендер бұл үйді жалдап тұрыпты.

Владимир Горбунов, көршісі:

- Бәрі жанып жатты. Қара түтін будақтады. Ол үйге кіру мүмкін емес еді. Өрт сөндірушілер келді. Оған дейін біз де түк те істей алмадық.

Қазір туған туысқанын паналап жүрген отбасы үй өртенгенде үстіне ілінген киіммен қашып шығыпты. Оралдықтар шама-шарқынша көмектесіп жатыр. Дегенмен аш-жалаңаш, не құжаты, не іліп алар дүниесі  жоқ далада қалған отбасына қандай көмек болса да артық емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.