{metadescription}
Ковид-19: Ауырғандар арасында қашықтан оқыған оқушы көп  
Ковид-19: Ауырғандар арасында қашықтан оқыған оқушы көп  

Ковид-19: Ауырғандар арасында қашықтан оқыған оқушы көп  

Қазақстанда оқу жылы басталғалы 3 мыңға жуық оқушы вирус жұқтырған. Бас қаланың өзінде 224 мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылған. Ауруға шалдыққандардың арасында қашықтан оқығандардың үлесі көп.

Роза Қожапова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Оқу жылы басталғалы 2949 қазақстандық оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың ішінде 839-ы кезекші сынып оқушылары. Яғни оффлайн оқыған балалардың 0,09 пайызын құрайды. Ал 2060 оқушы коронавирусты қашықтан оқу кезінде жұқтырды.

Қазір елорда ауруханасында 12 бала қауіпті індеттен емделіп жатыр. Вирус таралуының кесірінен,мәселен Нұр-Сұлтандағы 20 шақты мектеп карантинге жабылып 14 күнге қашықтан оқуға көшірілді. Астанамыздың қауіпті «қызыл аймақта» болуы себебінен бірнеше білім беру ордаларының онлайн форматқа ауыстырылуы мүмкін екендігі айтылған. Алайда Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің мәлімдеуінше, кезекші сыныпта оқитындар екінші тоқсанды толық мектепте аяқтайтын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде