{metadescription}
Ұшақта талмасы ұстаған сәби шетінеп кетті – Ақтау
Ұшақта талмасы ұстаған сәби шетінеп кетті – Ақтау

Ұшақта талмасы ұстаған сәби шетінеп кетті – Ақтау

Ақтауда ұшақ бортында талмасы ұстаған сәби шетінеп кетті. Осыдан екі апта бұрын Стамбұлға ұшқан әуе кемесі салондағы нәрестенің денсаулығына байланысты кері бұруға мәжбүр болған еді.

Алты айлық сәбиді ата-анасы шетелге алып шыққан екен. Жарты жолға жетпей ыстығы көтеріліп, есінен танады. Ұшақ командирі кері қайтуға шешім қабылдап, әуежайда күтіп тұрған жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Содан бері облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатып, беті бері қарамаған. Дәрігерлер бөбектің қос өкпесі қабынғанын айтады. Бірақ тексерген кезінде коронавирус анықталмаған.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Өкініштісі, үш күннен кейін сәби есін жимастан көз жұмды. Бұл ретте айта кету керек, өкпесі қабынған деген пневмония диагнозы қойылды. Бірақ келген бойда коронавируске тест тапсырған, ол теріс нәтиже көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде