{metadescription}
15 жастағы шәкіртін зорлаған ақтаулыққа сот үкімі шықты
15 жастағы шәкіртін зорлаған ақтаулыққа сот үкімі шықты

15 жастағы шәкіртін зорлаған ақтаулыққа сот үкімі шықты

15 жастағы шәкіртін зорлады деп айыпталған ақтаулық жаттықтырушыға үкім шықты. Жасөспірімдерді каратэге баулитын маман енді 14 жылын түрмеде өткізеді.  

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Сотта анықталған мән-жайларға байланысты жаттықтырушы ҚР ҚК 120- бабы, 3-1 бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танынылып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазір сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы жәбірленішунің кәмелетке толмағанын біле тұра азғындыққа барыпты. Ол шәкіртінің сеніміне кіріп, бірнеше мәрте еркінен тыс төсекке сүйреген. Енді сол үшін 14 жылға абақтыға жабылды. Десе де сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Соған қарамастан ол өмір бойына педагогикалық және жаттықтырушылық қызметпен айналыса алмайды.

Сотталған азамат 15 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен мамыр айында қамауға алынған. Жеті айдан кейін даулы іске нүкте қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде