{metadescription}
Әуежай мен темір жол вокзалында концерт қойылып, аулаларда ән шырқалды
Әуежай мен темір жол вокзалында концерт қойылып, аулаларда ән шырқалды

Әуежай мен темір жол вокзалында концерт қойылып, аулаларда ән шырқалды

Вокзалдағы концерт! Тәуелсіздік күніне арнап «Астана Мюзикл» театрының әртістері Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежай мен «Нұрлы жол» темір жол вокзалында концерт қойды. Мұндайды күтпеген шетел мен еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан жолауышылар тіпті абдырап қалды.

Әуежай мен вокзалға келгендер театр қойылымына аң-таң. Халық әндерінен бастап қазақ классикасына айналған әуендерді бірге шырқап, бір жасап қалды. Мұндағы жұрттың пандемия мен карантин кезінде концертті сағынып қалғаны көрініп-ақ тұр.

Ал оралдық әртістер тәтті әуенді үйлерге дейін жеткізді. Яғни жергілікті әншілер мен күйшілер аула-ауланы аралап концерт қойды. Көрерменнің назарын аңсаған олар әр аулаға өзінің кішігірім сахнасын да алып жүрді. Іс-шара оралдық тұрғындарға қатты ұнады. Қытымыр аязға қарамастан, әртістердің өнерін тамашалауға тұрғындар далаға көрпе оранып шығып жатты. Қалың киіммен билеп жүргендері де көп. Сондай-ақ жергілікті шенеуніктер автошеру де ұйымдастырды. Ақжағалылардың автошеру жасау идеясын жергілікті жұрт қуана қолдапты.

Артур Шерғалиев, Орал қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің жетекшісі:

Тұрғындар біздің бастамамызды бірден қолдады. Сөйтіп бірыңғай ақ түсті 16 көлікпен шықты. Осылайша бір жарым сағат бойы қала көшелерінде жүріп өттік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде