Арыс полицейлері жетім балаларға ноутбук пен планшет алып берді
Арыс қаласының полицейлері жеке құрамнан ақша жинаған. Алайда тәртіп сақшылары бұл қаржыны қайырымдылық шарасына жұмсауға алыпты. Өз ортасынан ақша шығарғандар Жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне ноутбук пен планшет алып берді.
Автор: Бек Әбиев
16.12.2020
Балалар үйіне сыйлық жасауға Арыстың 100-ге тарта полицейі 300 мың теңге жинапты. Қымбат сыйлық алып келгендерді қолына жалау ұстаған балалар жылы қарсы алды. Полицейлер балалармен бірге патриоттық ән айтып, би биледі. Мекеме басшылығының сөзінше, былтырғы жарылыстан соң жергілікті полицейлер Балалар үйіне жиі келеді дейді. Үнемі сыйлық әкелмесе де, жетімдермен жиі шүйіркелеседі екен. Бүгін де полицейлер жұмысқа қайтуға балақайлардан әзер рұқсат алды.
- Бұзық болмаңдар. Апайды тыңдаңдар. Айтып жатқаным дұрыс па? Тәртіпті болып өсіңдер. Біз кете берсек, рұқсат па?
- Иә.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!